Астанада дзюдадон жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Ел үздіктері елордаға жиналды. Бұнда дзюдадон жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.

Байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 800-ден аса қатысушы жиналды. Олар енді 4 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Салтанатты ашылу рәсімі барысында парадзюдодан әлем чемпионпатында топ жарып, ел абыройын асқақтатқан Ақмарал Науатбек пен оның бапкері Марат Омаровқа арнайы сыйлық табысталып, ерекше құрмет көрсетілді. Артынша 2006 және 2007 жылы туылған өрендер ең жеңіл салмақтағы белдесулерін бастады. Атап айтқанда, 50 келіге дейнігілер арасында атыраулық Ерхан Мұрат, ал, 55 келіге дейінгілер арасында қызылордалық Оралбек Байзақ топ жарды. Қыздар арасында шымкенттік Сабина Юлдашева, жамбылдық Іңкәр Құралбай және түркістандық Сымбат Жайнұлдар чемпион атанды. Астанадағы ішкі біріншілік 17-ші ақпанға дейін жалғасады. Кейін оның қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, адағы Азия және Әлем чемпионаттарына дайындықты бастаймыз дейді Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев.