Велотрек жарыстары қайта жанданды

Дәл қазір елордада аталған спорт түрі бойынша Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Ішкі біріншілікке 11 аймақтан 40-тан аса спортшы жиналды. Алғашқы жарыс күндерінің қорытындысы бойынша Кирилл Курдиди, Сергей Пономарев және Андрей Чугай сиқяты ұлттық құраманың үздіктері өз мықтылығын кезекті рет дәледеп, жеңіс тұғырынан табылды. Ал қыздар арасында Юлия Голубкова,Полина Братчикова, Вероника Мырксина сияқты спортшылар жақсы нәтиже тіркеді. Қазақстан чемпионаты 4 күнге созылады және осы аралықты велотректің 5 бағыты бойынша жеңімпаздар анықталады. Айта кету керек, жарыс жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында бөлек өтіп жатыр. Олар жекелей және командалық сындарда бағын сынайды. Кейін ерекше көзге түскен шабандоздардан ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындық бастайды.

Дәулет Сапаржанов, ҚР Велоспорт федерациясының спорт директоры:

- Осы жарыстың негізгі мақсаты – ерлер мен әйелдер арасында осы жарысты өткізіп, іріктеу мақсатында және осытан кейін кубок әлем кубогына қатысады Джакартаға.