ЧЛ: «Интер» «Портуды» жеңді

ЧЛ: «Интер» «Портуды» жеңді

Италиялық Интер португалиялық Портуды жеңді.

Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күнінде жанкүйерлер тағатсыздана күткен матчтардың бірі болды. Италиялық Интер өз алаңында португалиялық Портуды қабылдады. Матч бірінші минутынан тартысты басталды. Бірақ тараптар ұзақ уақыт қарсыластар қақпасының осал тұсын таба алмады.

Бұған қоса бұл кездесу футболшылардың дөрекі ойынымен де есте қалды. Матч барысында 5 бірдей ескерту қағазы көрсетілді. Ал 78-ші минутта төреші  «Порту» сапындағы Отавио Сильваны алаңнан қууға мәжбүр болды.

Ал кездесудегі жалғыз голды Ромелу Лукаку соқты. Матч соңына қарай алаңға шыққан бельгиялық футболшы сан басымдығын ұтымды пайдаланып, мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: – 1:0. Енді қос команда наурызда қарымта матч өткізіп, ширек финал жоладамасын сарақа салады. Келесі кездесу Португалияда өтеді.