Астанада әлем чемпионының шеберлік сағаты өтті

Әлем чемпионы шеберлік сағатын өткізді. Шахматтан ұлттық құраманың үздігі Бибісара Асаубаева елордадағы әскери колледж тәрбиеленушілерімен кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Студенттердің сұрағына жауап берді. Кейін шахматты жаңа үйреніп жүргендер өрендермен блиц түрі бойынша ойын өткізді. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж басшылығы алдағы уақытта спорттың осы түрін кеңінен насихаттау мен кешенді дамытуға ерекше екпін беретінін алға тартты.

 Айта кетейік, Бибісара Асаубаева бірер ай бұрын Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың блиц түрі бойынша жеңімпаз атанған болатын. 18 жастағы қазақ қызы осымен екінші мәрте дүниежүзілік додада топ жарып отыр.