Қоңқабаев кездесуден бас тартты

Қоңқабаев кездесуден бас тартты

Қоңқабаев Жалоловпен кездесуден бас тартты. Дәл қазір Болгария астанасы София қаласында бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр.

Жарыстың кезекті күні ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Әсіресе, бокс жанкүйерлері аса ауыр салмақтағы қос мықты қазақстандық  Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Бахадүр Жалолов кездесуін асыға күткен. Бірақ, Қамшыбек белгісіз себептермен шаршы алаңға шыпады. Сәйкесінше, өзбек боксшысы автоматты түрде жартылай финалға өтті. Бұдан бөлек, тағы қос спортшымыз ширек финалда өзбекстандық қарсыластарына есе жіберді. Орта салмқатағы Темірхан Тезек Бехзод Хамидовтан жеңілсе, ауыр салмқатағы Бекзат Танатар Шохжахон Абдуллаевқа жол берді. Жеңіл салмақтағы жерлесіміз Ернұр Қайрат та грузиялық боксшыдан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Ал, ұзақ үзілістен кейін әуесқой боксқа қайта оралған  Бекзат Нұрдәулетов өз бабында екенін дәлелдеп, алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Айта кету керек, ол Токио олимпиадасынан кейін, яғни, араға 1 жарым жыл салып жұдырықтасып тұр. София қаласындағы Странджа кубогының жалпы қорытындысы 26-шы ақпанда белгілі болады.