Фируза шаршы алаңға қайта оралады

Фируза шаршы алаңға қайта оралады

Фируза шаршы алаңға қайта оралады. Қазақстандық кәсіпқой боксшы 20-шы мамырда кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді.

Бұл жолғы қарсыласы -  малавиялық Рут Чисейл. Африкалық боксшы бүгінге дейін 14 кездесу өткізіп, оның 12-сінде жеңіске жеткен. Қазір әлемдік рейтингте үздіктер қатарында тұр. Ал Фирузаның көрсеткіші 17 жекпе-жек, 15 жеңіс. Қос спортшы да айқастарының басым бөлігін уақытынан бұрын аяқтаған. Шәріпова мен  Чисейл арасындағы жекпе-жек Тараз қаласындағы «Тараз Аренада» өтеді деп жоспарланып отыр. Жеңіске жеткен тарап WBC Silver чемпиондық белдігін иемденеді. Егер қазақстандық боксшы басым түссе абсоллютті әлем чемпионы ираландиялық Кэти Тейлормен қайта кездесуге мүмкіндік алады. Фируза мен Кэти 2021 жылдың желтоқсан айында жұдырықтасқан болатын. Ливерпуль қаласындағы жекпе-жек кешінде Тейлор жеңіске жетті. Сәйкесінде, барлық чемпиондық атағын сақтап қалды.