Петропавлда үлкен теннистен облыстық чемпионат өтуде
Петропавлда үлкен теннистен балалар арасында облыстық чемпионат басталды.
Айтулы додаға 5 пен 17 жас аралығындағы өрендер қатысып жатыр. 120 спортшы екі күн бойы өз араларында мықтыны анықтайтын болады. Ал аталған турнирде топ жарғандарға, алдағы уақытта өтетін республикалық ойындарға жолдама беріледі.
Айта кету қажет, бүгінгі күні өңірде спорттың бұл түрімен 350-ге жуық бала айналысады. Өңірде уақыт өткен сайын жастар арасында үлкен тенниске деген қызығушылық артып келеді.
Полина Сивунова, бас төреші
- Бүгін 60-тан астам спортшы бақ сынайды. Ертеңгі күні тағы осыншасы өнер көрсететін болады. Ең бастысы балалардың дайындықтары жақсы.