Ян Непомнящий алға шықты
Ян Непомнящий алға шықты. Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионы анықталып жатыр.
Бас жүлдені ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь сарапқа салуда. Қос мықты арасындағы алғашқы кездесу тең аяталған болатын. Ал күні кеше екінші рет жолығып, нәтижесінде ресейлік спортшы басым түсті. Кездесу 3 жарым сағатқа созылды және 29-шы жүрістен кейін тоқтатылды. Осылайша әзірге 1:0 есебімен Ян Непомнящий алда тұр. Қос шахматшы дәл осылай 14 мәрте кездеседі. Егер тең түсіп жатса плей-офф ұйымдастырылып, рапид бойынша өзара мықтыны анықтайды. Негізгі бәсекеге паралель әртүрлі семинарлар мен жарыстар өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде балалар арасындағы бәсеке мен әйелдер арасындағы аламан бар.
Айта кетейік, бұл жарысқа 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен қатысып, өз атағын қорғауы қажет еді. Бірақ, ол халықаралық федерациямен арадағы кикілжіңге байланысты, дүбірлі додаға келмеді.