Алматыда семсерлесуден жазғы спартакиада мәресінде жетті

Ерлік Сертай – ел үздігі. Алматыда семсерлесуден кезекті, яғни, 6-шы жазғы спартаикиада мәресінде жетті.

Жарыстың соңғы күндері жекелей сындар өтті. Әсіресе, ерлер арасында шымкенттік Ерлік Сертай сенсациялық жеңіске жетті. Өйткені, ол Руслан Құрбанов, Дмитрий Алексин, Эльмир Әлімжанов сияқты талай халықаралық жарыста топ жарып жүрген тәжірибелі спортшылармен сынға түскен. Нәтижесінде Ерлік барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Қыздар арасында дәл осылай жергілікті Ульяна Писцова жеңіске жетті. Қос спортшы да ұлттық құрама қатарына қосылып, алдағы құрлықтық және әлемдік додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Айта кетейік, бұл жолғы спартакиадаға бас-аяғы 11 өңірдің өкілдері қатысты. Алғашқы жарыс күндері «рапира» бойынша бәсекелер болды және Абай облысы мен Алматы қаласының спортшылары алдына жан салмады. Олардан да ұлттық құрама жасақталып, алдағы дүбірлі додаларға дайындықты бастайды.