Ян Непомнящий есе жіберді
Ян Непомнящий есе жіберді. Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионы анықталып жатыр.
Бас жүлдені ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь сарапқа салуда. Қос мықты бүгіге дейін 6 партия өткізді. Соңғысында Дин Лижэнь ақ түсті фигуралармен ойнады және айқын басымдықпен ұтты. 44-ші жүрістен кейін ойын тоқтатылды. Ресейлік шахматшы жеңілісін мойындап, «өмірімдегі ең сәтсіз кездесу» деген пікір білдірді. Осылайша әзірге 3:3 есебімен тең нәтиже тіркеліп тұр. Енді олар 1 күндік демалыстан кейін жарыс алаңына қайта оралады. Қос шахматшы дәл осылай 14 мәрте жолығуы қажет. Негізгі бәсекеге паралель отандық шахматышлар қатысуымен семинарлар мен жарыстар өткізу де жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұл бәсекеге 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен қатысып, өз атағын қорғауы керек еді. Бірақ, ол халықаралық федерациямен арадағы кикілжіңге байланысты, дүбірлі додаға келмеді.