Астанадағы шахматтан әлем чемпионатында Ян мен Дин тең түсті

Астанадағы шахматтан әлем чемпионатында Ян мен Дин тең түсті

13 мәрте кездесті. Бірақ әлі нақты фаворит жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионы анықталып жатыр. Бас жүлдені ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь сарапқа салуда. Кезекті, яғни 13-ші партияда қос мықты да аса сақ ойнап, қателік жібермеуге тырысты. Сәйкесінше 39-шы жүрістен кейін матч толық тоқтатылып, Ян мен Дин 1 ұпайды тең бөлісті. Жалпы есеп 6,5:6,5 құрады. Енді бір күндік демалыстан кейін олар шешуші, яғни 14-ші партияға қатысады. "Қытайлық спортшы ақ түсті фигуралармен ойнайды. Бірақ бұл айтарлық басымдық бере қоймайды", - дейді шахмат мамандары. Егер соңғы кездесу де тең аяқталатын болса, онда плей-офф кезеңі ұйымдастырылады.

Айта кетейік, бұл жарысқа 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен де қатысып, өз атағын қорғауы қажет еді. Бірақ ол халықаралық федерациямен арадағы кикілжіңге байланысты дүбірлі додаға келмеді. Астанадағы жарыстың жалпы жүлде қоры 2 млн АҚШ долларын құрайды. Оның 60% жеңген, 40% жеңілген тарап алады.