Қызылордада асық атудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Жарысқа елдің 16 облысынан 130-дай спортшы келген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұлдар «Бес табан», қыздар «Бес асық» түрінен бақ сынайды. Жарыста Астана қаласы мен Түркістан, Қызылорда облыстарының спортшылары жалпы есепте алға шықты. Дегенмен командалар арасындағы ұпай айырмашылығы алшақ емес. Сондықтан топ басында әлі де өзгеріс болуы мүмкін. Жарыс жеңімпаздары ертең белгілі болады. Ептілік пен сергектіктен бөлек, есеп пен дәлдікке құрылған ойынға құмар жеткіншектердің шеберліктері жыл өткен сайын шыңдала түсуде, -дейді мамандар.
Қазір елде асық атумен тұрақты айналысатын спортшылар 70 мыңнан асқан. Ал үйірмелер саны мың жарымға жуықтады.
Қалибек Қуанұлы, Павлодар облысы «Асық ату» федерациясының президенті:
- Арнайы ұлттық спорт түріне кіргеніне, міне, небәрі 3 жылдай уақыт болды. Арнайы спорт мәртебесі берілді. Қазіргі таңда 80-ге жуық спорт шебері бар. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері шығып жатыр. Азия чемпионаты өтті тұңғыш рет Астана қаласында. Әлем кубогы өтті Румынияда. Еуразия кубогы биыл қаңтар айында Анталия қаласында өткен болатын. Осындай жетістікке асық ату спорты жетіп жатыр.