Боксшы Сағындық Тоғамбай өзбек спортшысымен жұдырықтасады

Боксшы Сағындық Тоғамбай өзбек спортшысымен жұдырықтасады

Қазақ боксшылары жеңіске жетті.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні де жерлестеріміз үшін сәтті болды. Бұл жолы ауыр салмақтағы Сағындық Тоғамбай мен орта салмқтағы Санатаәлі Төлтаев шаршы алаңға шықты. Сағындық алғашқы айналымда конголық Натан Нланду Мбелимен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Жерлестеріміз қарсыласын 3 мәрте нокдаундға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Уақытынан бұрын жеңіске жеткен Сағындық енді өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен кездеседі.

Ал Санатаәлі Төлтаев ә дегеннен мықты қарсыласқа тап болды. Өйткені, израилдік Ахмад Штиви кәсіпқой бокста өнер көрсетеді және бүгінге дейін жеңіліп көрмеген. Соған қарамастан Санаталі белсенді қимылдап, басымдық танытты. Жекпе-жек 3 раундқа созылды және төрешілер шешімімен жерлестеріміз жеңіске жетті. Санатаәлінің кезекті қасрыласы да осал емес. Ол екінші айналымда маврикиялық Ричарно Колинмен жұдырықтасады. Кейінгісі 3 мәрте олимпиадаға қатыстқан тәжірибелі боксшы.

Санатаәлі Төлтаев, ұлттық құрама мүшесі:

- Бұның алдында дәл осылай Талғат Сырымбет пен Айбек Оралбай да алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Қалған салмақтағы боксшыларымыз енді бақтарын сынайды. Ташкенттегі әлем чемпионатына 13 жерлесіміз аттанды. Ал, қатысушылардың жалпы саны 600-ден асады. Биылғы бәсекеге 104 елдің өкілдері қатысып жатыр. Айта кету керек, бұл жолы рекордттық деңгейдегі жүлде қоры тағайындалды. Яғни, алтын алған боксшыға 200 мың, күміс пен қолаға, сәйкесінше, 100 және 50 мың АҚШ долларынан табыстамақ. Бұған қоса, жеңіске жеткен жерлестерімізге Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышов өз қалтасынан 100 мың доллардан беретінін мәлімдеді. Ташкенттегі дүниежүзілік доданың жалпы қорытындысы 14-ші мамырда белгілі болады.

Халықтар бірлігі кубогі. Дәл осындай атаумен елордада конкурдан арнайы жарыс өтті. Оған Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан және Алматы облысынан 50-ге жуық қатысушы жиналды. Олар 2 күн бойы әртүрлі жас деңгейі бойынша және  конкурдың әртүрлі бағыты бойынша өзара мықтыны анқытайды. Айта кету керек, жарыстың жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрады. Сәйкесінше бәсекелестік те өте жоғары болды. Нәтижесінде «Бүркіт» тұлпарын тақымдаған Нұрболат Қартқожақ, «Волшебник» жылқысымен Нұрсұлтан Жүкенов, «Микадо» жылқысымен Әнуар Досмайлов және «Хронометраж» жылқысымен Нұрлан Досалылар топ жарды.  Әйелдер арасында Алина Бегалиева және Айнұр Елемесова ең үздік нәтижені тіркеді. Алдағы уақытта елордада осындай форматтағы жарыстарды тұрақты өткізу жоспарланып отыр.

Самат Жылқыбаев, Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Бірер күннен кейін республикалық паралимпиада ойындары басталады. 4 жылда бір өтетін байрақты бәсекені бұл жолы Астана, Алматы және Ақтөбе қалалары кезең-кезеңмен қабылдайды. Сәйкесінше, әр аймақта паралимпиадалық спорттың әр бағыты бойынша үздіктер анықталмақ. Осы орайда елордада салтанатты жиын өтіп, отандық спорттың басы-қасындағы мамандар және олимпида мен әлем чемпиондары мүмкіндігі шектеулі спортшыларға құрмет көрсетті. Алдағы айтулы аламанға жергілікті 66 спортша қатысады. Олар пара дзюдо, пара жүзу, пара волейбол, пара таеквондо, пара пауэрлифтинг және пара үстел теннисі сияқты бірнеше бағытта жүлдеге қол созады. Республикалық ойындар жаңадан қосылған жас спортшылардың шеберлікті шыңдауға, ал, ұлттық құрамадағы кәсіпқой спортшылардың тәжірибесін одан сайын толыстыруға керемет мүмкіндік дейді мамандар. Жарыстың өзі 10-шы мамырда басталып, 30-шы мамырға дейін жалғасады.

Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы