Алматыда самбодан әлем чемпионатына іріктеу жарысы өтті
Алматыда спорттық және әскери самбодан генерал-майор Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жарысқа биыл еліміздің барлық өңірінен және Қырғызстан мен Тәжікстаннан, сондай-ақ Украинадан 200-ден аса үміткер қатысты. 2 күндік жарыстың қортындысы бойынша, жалпы командалық есепте Орталық Армияшылар командасы топ жарса, Абай облысынан келген самбошылар 2-ші, ал Алматы облысының құрамасы үштікті түйіндеді. Жамбылдық Ерлан Махмұтов пен 98 келіде белдескен Кенжебек Түймебектердің боз кілемдегі жанкештілігіне жанкүйерлер қол соқты. Осы жарыстың жеңімпаздары енді әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.
Бақтияр Құнақынов, Алматы қаласы Самбо федерациясының президенті:
- Бұл жарыс негізі әлем чемпионтына дайындық. Іріктеу жарыс болып жатыр. Бұл жарыста 1-шы орын алған спортшыларға спорт шебері деген атағы беріледі. Бұл жарыстың мақсаты жастарды спортқа баулу, келешекте еліміздің туын үлкен-үлкен жарыстарда желбіретсе деген ниетпен жылда өтіземіз.