Елордада VI Республикалық Паралимпиада ойындары өтіп жатыр
VI Республикалық Паралимпиада ойындарында елордада 70-ке жуық спортшы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандардың сөзінше, Астанада параспорт түрлері жақсы дамып келеді. Төрт жылда бір өтетін ірі кешенді жарыс 10 мамырда басталған. 3 кезеңнен тұратын дода Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында болады.
Даяна Елубаева, Астана қаласы мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің баспасөз хатшысы:
- ҚР 6 паралимпиадалық ойындары келесі пара спорт түрлері бойынша өтеді. Бұл голбол, футбол, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, оқ ату, таэквондо, үстел теннисі, жүзу, дзюдо және волейболды отырып ойнау спорт түрлері бойынша өтеді. Айта кетейік, осы паралимпиадалық ойындар үш кезеңді қамтиды.