Хоккейден әлем чемпионаты: жанкүйерлер ел құрамасына қолдау көрсетті
Қазақстандық жанкүйерлер Ригадағы алаңға көк байрақты жайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тудың көлемі – 800 шаршы метр. Жанкүйерлер осылайша жерлестерімізді жігерлендіруді көздепті.
Айта кетейік, Латвия астанасында 12 мамырдан бері хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр. 14 мамырда Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Чехиямен кездеседі. Ойын елорда уақытымен сағат 23:20-да басталады.
Думан Қожахметов, ұйымдастырушы:
- Біз – көпмәдениетті елміз және оны бүкіл әлемге көрсеткіміз келеді. Біз ұлттық құраманы және оның жанкүйерлерін қолдау үшін Қазақстанның ең үлкен туын жайдық.