16 мамыр күні «Интер» - «Милан» қарымта матчы өтеді

16 мамыр күні «Интер» - «Милан» қарымта матчы өтеді

УЕФА чемпиондар лигасы шешуші кезеңіне жақындап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

16 мамырда алғашқы финалист анықталады. Сан-Сирода «Интер» мен «Милан» арасындағы қарымта матч өтеді. Италия командалары апта бұрын дәл осы алаңда кездесіп, 2:0 есебімен Симоне Индзаги шәкірттері жеңіске жеткен болатын. «Интер» сапынан Эдин Джеко мен Генрих Мхитарян мергендік танытып, командасын финалға біртабан жақындатты. Қарымта ойында да «Интердің» басымдығы сезіледі. Бұл жолы олар алаң қожайы ретінде ойнайды. Сондықтан стадионға жиналатын жанкүйерлер қарасы да «Милан» фанаттарынан көп болады. Команданың негізгі ойыншылары сапта жүр. «Милан» да қарап қалмасы белгілі. Таныс алаң, ежелгі қарсылас. Бас бапкер қарымта матчқа тыңғылықты дайындықпен келгендерін жеткізді. Стефано Пиоли «Миланның» жеңіске жететініне сенімді. Тіпті финалға шығуды көздейді.

Чемпиондар лигасының жартылай финалдағы екінші жұбы – «Манчестер Сити» мен «Реал» 17 мамыр күні ойнайды.