Талдықорғанда «Отбасым - асыл қазынам» атты марафон өтті

Халықаралық отбасы күніне орай Талдықорғанда «Отбасым - асыл қазынам» атты марафон өтті.

Жарысқа аудан-қалалардан келген 13 отбасы қатысты. Олар спорттың бірнеше түрінен өзара мықтыны анықтады.

Ерлі-зайыптылар алдымен алаңды айнала жүгіріп, шыдымдылығы мен төзімділігін көрсетті. Артынша балаларымен бірге эстафеталық ойындардардан сынға түсті. Кір тасын көтеріп, білек күштерін де байқатты. Баскетбол ойынында да өз шеберліктерін көрсете білді. 

Гүлнәр Жарқынбекова, жарысқа қатысушы:

- Ұйымдастырып жатқан турнир спорттық өте керемет. Тиімді екенін түсіндік. Өзіміздің отбасымызбен жұмысымызды қойып, бір күнге келіп көрейікші екен қалай болар екен деп. Қызымның керемет жеңімпаз лидерлік қасиетін байқадық. Небәрі отыз жаста бола тұра өзімнің жүгіруге жоқ екенімді байқап спортпен шұғылдану керек екенін байқадым.

Айжан Оралбекова облыстық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы:

- Отан отбасынан басталады деп айтамыз ғой. Яғни біздің мемлекетіміз күшті болу үшін әрбір отбасының жағдайы жақсы болуы керек. Мықты болуы керек. Береке бірлігі болу керек. Отбасындағы тәрбие мықты болуы керек. Бүгінге жасап отырған шарамыздың мақсаты да сол.