Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми белгісі таныстырылды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми белгісі таныстырылды

Халықаралық футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми белгісін таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эмблеманың дәл ортасында кубок орналасқан. Жан-жағында 26 түсті өрнек сызылған. Олар бірнеше мәрте қайталанып тұрады. Әлем чемпионатының ресми таныстырылымы Лос-Анжелес қаласында өтті. Оған FIFA президенті Джанни Инфантино мен Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы атақты Роналдо қатысты. Доп додасының басты белгісінен бөлек, ойындарды қабылдайтын 16 қаланың да жеке таңбасы таныстырылады. 2026 жылғы әлем біріншілігін тұңғыш рет 3 ел – АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды. Оған алғаш рет 48 елдің құрамасы қатысады.