Талдықорғанда джиу-джитсудан Қазақстан чемпионаты басталды

Талдықорғанда джиу-джитсудан Қазақстан чемпионаты басталды

Талдықорғанда джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы ел біріншілігі джиу-джитсудың файтинг-систем, неваза-систем және дуо-систем бөлімдері бойынша өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің барлық облысынан 1500-ге жуық спортшы қатысуда. Мақсат әр бөлім бойынша мықтыларды анықтау. Ел біріншілігінде топ жарған жастар ұлттық құрамаға үміткер ретінде тіркеліп, Азия ойындары мен Әлем чемпионатында өнер көрсете алады.

Жандос Нұрмұханбетов, Жетісу облыстық джиу-джитсу федерациясының президенті:

- Бізде әлем чемпионаты осы 2023 жылы Астана қаласында өтеді. Осыған іріктеу кезеңі болып табылады. Бұл жарыс қазір 4 возрастта өтіп жатыр. Бір возрастта 10 салмақ дәрежесінен. СКЛ. Бәрі жақсы дайындалып келген. Өйткені бұл жауапты жарыс.