Ақтөбеде жазғы Паралимпиада ойындары басталды

Ақтөбеде жазғы Паралимпиада ойындарының кезекті кезеңі басталды.

Бес күнге созылатын жарыста қатысушылар үстел теннисі, дзюдо, суда жүзу және отырып волейбол ойнаудан бақ сынайды. Бұл республика деңгейінде өтіп жатқан ауқымды спорттық шараның жалғасы. Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында өткен болатын. Ал жалпы жазғы Паралимпиада ойындарына ел бойынша 20 өңірден мыңнан аса үміткер қатысып жатыр. Нәтижесінде үздік спортшылардан ұлттық құрама жасақталатын болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта халықаралық деңгейде өтетін жарыстарға да ойыншылар іріктеледі.

Нұрәлі Жасаналин, жарысқа қатысушы:

- Бұл спортсмендердің деңгейі өте күшті екен. Мен жыл сайын көрем ғой, жылдан-жылға уже жастар қосылып жатыр, кәдімгі көңілімнен шығады. Ойындарына кәдімгі риза болып жатырмын. Үмітім бар әлі де, «ең болмаса қола алсам да» деп отырмын енді.

Әділхан Өмірзақов, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы директорының орынбасары:

- Жарысымыздың қортындысы бойынша алдағы осы октябрь айында Қытайдың Гонджоу қаласында пара Азия ойындары өтеді. Сол Азия ойындарына біздің  спортшыларымыз спорттың 10 түрінен қатысатын болады.