Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінде үшінші айналымға шықты
Рыбакина үшінші айналымға шықты.
Франция астанасы Париж қаласында теннистен жылдың басты бәсекелерінің бірі «Ролан Гаррос» турнирі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні Қазақстанның бірінші, ал әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина чехиялық Линда Носковамен кездесті. Кейінгісі 18 жаста және әлемдік рейтингтің 50-ші сатысында тұр. Сәкесінше, Елена айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:3. Матчтың өзі 1 сағат 28 минутқа созылды. Енді Рыбакина үшінші анйалымда испаниялық Сара Соррибес-Тормомен жолығады. Айта кетейік, жерлестеріміз арасынан Юлия Путинцева да жарысты жалғастырып жатыр. Ол қытайлық Чжэн Циньвэнді жеңіп, үшінші анйалымға шыққан болатын. Ал жігіттердің жолы болар емес. Қазақстандық Александр Бублик пен Тимофей Скатов алғашқы айналымда есе беріп, жарыстан шығып қалды. Париж қаласындағы турнир 12-ші маусымға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 46 миллион 600 мың еуроны құрайды.