Паралимпиадалық боччадан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Елордада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты аяқталды.
Дүбірлі доданың жабылу салтанатына Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Үш күнге жалғасқан тартысқа толы сайысқа 47 спортшы қатысып, Турнирге белгілі қоғам қайраткерлері, инклюзия мен бейімді спортқа қолдау көрсетіп жүрген белсенді азаматтар келіп, спортшыларға қолдау көрсетті. Сайыс қортындысы бойынша жеңімпаздар ұлттық құрамаға қабылданды. Олар алдағы уақытта Паралимпиада, Азия паралимпиада ойындары және челлендж сияқты ірі халықаралық додаларда ел намысын қорғайды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Жеңіске деген құштарлықтың керемет үлгілерін көрдік деп ауыз толтырып айта аламын. Осы үш күн ішінде біздің майталман спортшыларымызбен қатар жас боччистеріміз де өздерінің шеберліктерін, өнерін көрсетті. Сөйтіп, барлық жанкүйерлерге, ата-аналарына керемет көңіл-күй сыйлады.