«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасын ұтып алды

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасын ұтып алды

«Манчестер Сити» – Чемпиондар лигасының жеңімпазы. 

Стамбулда өткен матч тағдырын жалғыз гол шешті. 68-минутта жартылай қорғаушы Родри итальяндық "Интердің" қақпасын дәл көздеді. Ағылшын клубы алғаш рет Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды. Бұған дейін екі жыл бұрын финалда сүрінген еді. Лондондық "Челсиге" 0:1 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ биыл Гвардиоланың шәкірттері Ағылшын премьер-лигасы мен Англия кубогінде көш бастады. Соңғы рет 1999 жылы "Манчестер Юнайтед" дәл осылай үш кубокты қанжығаға байлаған еді.