«Астана» чемпиондар лигасына оралды
Елордалық клуб бұл бәсекеге 3 жылдай қатыса алмады.
Сәйкесінше, енді іріктеу кезеңін бірінші айналымнан бастауы қажет. Әзірге нақты қай командамен ойнайтыны белгісіз. Белгілісі жеребе тарту рәсімі тура бір аптадан кейін, яғни 20-шы маусымда болады. Ал матчтардың өзі шілденің ортасы және аяғында өтеді деп жоспарланып отыр. Дәл қазір қазақстандық клубқа қарсылас атануы мүмкін 15 команда бар.
Transfermarkt порталыңының мәліметі бойынша, Астаналық ойыншыларының жалпы құны 13 миллион еуроға жуықтайды және бұл салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіш саналады. Бұған қоса, топ басында польшалық «Ракув», швециялық «Хеккен» және румыниялық «Фарул» сияқты клубтар да бар. Айта кетейік, Астана ең соңғы рет чемпиондар лигасының іріктеу сынында 2020 жылы ойнаған болатын. Ол кезде Беларус елінің «Динамо» командасына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.