Министр әлем үздіктерін құттықтады

1 алтын,3 күміс және 3 қола. Армия спортшылары Астанадағы Әлем чемпионатында осындай жетістікке жетті.

Қоян-қолтын ұрыстан дүниежүзілік доданы еліміз алғаш қабылдаған еді. Нәтижесінде ел намысын қорғаған жігіттер жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Әлем чемпионатында топ жарған спортшылармен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов арнайы кездесіп, айтулы жеңістерімен құттықтады.  Лайықты деңгейде өнер көрсеткені үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады. Айта кетейік, Астанадағы жарысқа 32 елден 300-ден аса қатысушы жиналып, 3 күн бойы өзара мықтыны анықтаған болатын. Байрақты бәсеке қоян-қолтық ұрыстың өзін-өзі қорғау және жекпе-жек деп аталатын бағыттары бойынша болды.