Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді.

Елордалық полиция басшысы Ташкентте өткен дүниежүзілік додада ел абыройын асқақтатып, тарихи нәтиже тіркеген боксшылармен кездесіп, арнайы медальдармен марапаттады. Мырзағали Айтжанов баптайтын жігіттер қазір Астанада жаттығу жиынын пысықтап жатыр. Соның аясында Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевпен жолығып, өткен жарысты қорытындылады. Алдағы жоспарлар талқыланды.

Айта кету керек, еліміздегі даңқты спортшылар арасында құқық қорғау саласындап қызмет ететіндері  көп. Кейін салтанатты шара ұйымдастырылып, әлем чемпионатында топ жарған Санжар Тәшкенбай, Махмуд Сабырхан, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Нұрбек Оралбай және  Асланбек Шымбергеновке «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалі табысталды. Бас бапкердің де еңбегі еленді. Бұған қоса, спортта жоғары нәтиже көрсетіп жүрген сала мамандары, яғни, полиция қызметкерлері де арнайы төсбелгіге ие болды.