Қазақстандық теннисші А.Бублик ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші А.Бублик ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші дәл қазір Германияның Галле қаласындағы рейтингілік турнирге қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

АТР 500 санатындағы жарыс шөп төсеніште өтіп жатыр. Жерлесіміз бұл жолы жергілікті Ян-Леннард Штруффпен жолықты.

Айта кету керек, Бублик әлемдік рейтингте 48-ші, ал, Штруфф 21-ші тұр. Соған қарамастан Александр табанды қарсылық танытып, 6:3, 6:7 және 6:3 есебімен жеңіске жетті. Матчтың өзі 2 сағат 16 минутқа созылды.

Кезекті қарсыласы да өте мықты. Александр Бублик ширек финалда әлемдік рейтингте 9-шы тұрған италиялық Янник Синнермен кездеседі. Ойын бүгін өтеді. Ал рейтингілік турнирдің өзі 25 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Галле қаласындағы жарыстың жалпы жүлде қоры 2 миллион 200 мың еуроны құрайды.