Футболдан әйелдер чемпионатына 25 күн қалды
Сидней қаласының 4 мың тұрғыны әйгілі Харбор көпіріне жиылып, чемпионат қарсаңындағы той-шеруін өткізді.
Фуболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының басталуына 25 күн қалды. ШУМ Жанкүйерлер кері санақ басталғанын жария етті. Еске салайық, Австралия турнирді Жаңа Зеландиямен бірге 9 қалада өткізеді. 32 елдің спортшылары қатысатын шара шілде және тамыз айларына жоспарланған. Бірінші матч 20 шілдеде Жаңа Зеландия мен Норвегия құрамалары арасында Оклендтегі Эден саябағында өтеді.