Ironman Kazakhstan: іс-шараға 1200 спортшы қатысып жатыр
Елордада Ironman халықаралық спорттық іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған 1200 спортшы қатысып жатыр. Жартысына жуығы әлемнің 60 елінен келген.
Жарыс 3 кезеңнен тұрады. Яғни, жүзу, велосипедпен жүру және марафонда жүгіру. Спортшылар толық және «жарты» қашықтықты еңсеруі керек. Жарыс кешке дейін жалғасады.
Былтыр осы Ironman шарасын 5 мың адам тамашалаған еді.
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Дүбірлі додаға қош келдіңіздер! Ironman дәстүрге айналды. Жыл сайын өткізетін боламыз. Құтты болсын!