Qazaqstan Barysy турнирінде бірінші айналым жеңімпаздары анықталды

Qazaqstan Barysy республикалық турнирінде бірінші айналымның алғашқы жеңімпаздары анықталды.

Боз кілемде белдескен 41 балуанның 18-і ширек финалға жолдама алды. Бәсеке биыл да тартысты өтіп жатыр. «Барыс Аренаға» сегіз мыңға жуық жанкүйер жиналған. Айта кетейік, әр өңірден екі спортшыдан қатысып жатыр. Олар абсолютті салмақ дәрежесінде белдеседі. Жалпы жарысқа келген түйе балуандардың ішінде ең көп салмағы 163 келі.     

Дәурен Нұралинов, балуан /Абай облысы/:

- 2021 жылы Қазақстан барысын ұтқан едім. Бірақ Шығыс қазақстан облысынан. Биыл Абай облысы құрылған соң Абай облысының намысын қорғап келдік. Жалпы балуандардың саны 41. Сен тұр, мен атайын деген жігіттердің бәр келді Қазақстаннан. Ең мықтылары іріктелді облыстардан.   

Ерсұлтан  Мұзаппаров, балуан /Шымкент/:

- Жарыстың алғаш белдесуі. Әрине қиын болады белдесу. Алда әлі белдесулер бар. Бұйыртса, босамай үлкен жеңістен көрінеміз деген ойдамын, құдай қаласа. Осы жарысқа бесінші рет қатысып тұрмын. Шымкент қаласынан. Шымкенттің намысын қорғап келе жатырмыз.   

Байрақты бәсекеге биыл облыстардан 33 балуан, 2 спортшы «Әскер барысынан» және 3 қаладан тағы 6 спортшы қатысып жатыр. Республикалық турнир осымен 12-мәрте шымылдығын түрді. Биылғы жарыстың ерекшелігі, жанкүйерлер үшін турнир тегін. Турнирдің жалпы жүлде қоры 40 млн теңге, оның ішінде жарыс жеңімпазына 25 млн теңге сыйақы беріледі.