Ришат Хайбуллин құзға өрмелеуден Әлем кубогында күміс алды
Ол «жылдамдық» бойынша сында осындай нәтижеге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Францияның Шамони қаласында өткен жарыста отандасымыз финалға шығып, тек Индонезиялық спортшыға есе жіберді. Додада 27 елден келген 79 атлет бақ сынады.
Айта кетейік, Ришат Хайбуллин іріктеу кезеніңде биіктігі 15 метр жартасқа 5,05 секундта шығып, өзінің жеке рекордын тіркеді.