Отандасымыз белбеу күресінен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық полицей белбеу күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астанада өткен дүбірлі додада 76 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің инспекторы Арайлым Оразбай бағын сынады. Ол жарыс жолында 5 елдің спортшысымен күресті. Финалда отандасымыз өзбекстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдені жеңіп алды.