ЧЛ: «Астана» ірі есеппен жеңілді

ЧЛ: «Астана» ірі есеппен жеңілді

«Астана» ірі есеппен ұтылды.

Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі жалғасып жатыр және соның аясында қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күткен матч өтті. Хорватия астанасы Загреб қаласында жергілікті «Динамо» мен «Астана» командалары жолыққан болатын. Алаң иелері ә дегеннен басымдық өз қолдарына алып, бірінші кезең соңына дейін 3 гол соқты. Алдымен Бруно Петкович мергендігімен көзге түскен. Артынша Лука Иванушец 2 рет гол соқты. Ал матч соңына қарай Иванушец тағы да «Астана» қақпасының осал тұсын тауып, хет-трик авторы атанды.

Қорытынды есеп – 4:0. Енді тараптар 1 тамыз күні елордада қарымта мачт өткізеді. Айта кетейік, бұл – іріктеу кезеңінің екінші айналымы. Алғашқы айналымда «Астана» грузиялық «Динамо Тбилисиді» ұтқан болатын.