Американдық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Қазақстанда жекпе-жек өткізу керек.
Американдық кәсіпқой боксшы Джон Райдер Геннадий Головкинге осындай ұсыныс тастады. Бір кездері жартылай салмақта жасындай жарқылдап, тіпті чемпиондық атаққа үміткер болған кәсіпқой боксшы бұл жекпе-жек қос тарапқа да үлкен табыс әкелерін алға тартады. Сондықтан алдағы қараша немесе желтоқсан айында шаршы алаңда жолығуға шақырды. Ал Головкин әзірге жауап қатпады. Ол соңғы рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасты. Америка төрінде мексикалық Сауль Альвареспен кездесіп, жеңіліп қалған болатын. Одан кейін жерлесіміз барлық чемпиондық белдігінен бас тартты. Атап айтқанда, орта салмақтағы WBA, IBF және IBO чемпиондық белдіктерін жекпе-жексіз бере салды. Головкин бүгінге дейін бас-аяғы 45 жекп-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Қазір жасы 41-де. Ал жоғарыда сөз болған Джон Райдер көрсеткіші 38 жекпе-жек, 32 жеңіс.
Жалпы есепте біірінші орындамыз. Малайзияның Малакка қаласында каратэден ересектер арасындағы Азия чемпионатты өтті. Байрақты бәсекеге 31 елден 400-ге жуық қатысушы жиналды. Араларында 19 жерлестіміз бар. Олар бас-аяғы 11 медаль жеңіп алды. Оның 3-еуі алтын. Атап айтқанда, әйелдер арасында Софья Берульцева өз салмағында қарсылас шақ келтірмеді. Ал ерлер арасында орта салмАқтардағы Нұрқанат Әжіқанов пен Қайсар Алпысбай Азия чемпионы атанды. Жарыстың соңғы күні командалық бәсеке ұйымдастырылып, ұлттық құрама ерлер арасындағы сында күміс жүлдеге қол созды. Осылайша қазақстандық қыз-жігіттер жалпы есепте топ бастады. Бұл отандық спорт үшін тарихи нәтиже саналады. Өйткені жерлестеріміз алғаш рет құрлықтық доданың көшін бастады. Тіпті осы спорттың отанынакн келген Жапония құрамасынан да асып түсті. Яғни жалпы есепте Жапония екінші, ал Иран үшінші орында тұр.
Бүгін футболдан чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі жалғасады. Әсіресе тқазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп жүрген «Астана» мен «Динамо» арасындағы матч болады. Осыған байланысты бірер күн бұрын елордалық клуб ойыншылары Хорватияның Загреб қаласына жетіп, матч алдындағы дайындқыты бастады. «Алаң иелерінің мықты екенін білеміз. Өйткені, еурокубоктардың топтық кезеңінде тұрақты ойнайды. Соған қарамастан лайықты өнер көрсетіп, жақсы нәтижемен оралуға тырысамыз», - деді «Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян. Іріктеу кезеңінің екінші айналымы аясындағы матч бүгін өтеді. Одан кейін қос команда 1 тамызда Астана қаласында тағы да жолығады. Айта кетейік, алғашқы айналымда елордалық клуб тағы бір Динамоны, яғни «Динамо Тбилисиді» ұтқан болатын.