УЕФА конференция лигасы. LIVE

Ақтөбеде УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесу өтіп жатыр.

Дәл осы минуттарда «Ақтөбе» өз алаңында Кутаисидің «Торпедо» командасын қабылдап жатыр.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Расында да Ақтөбеліктер үшін бүгінгі матч үлкен мереке! Жеті жылдан кейін орталық стадионға Еуро біріншілігі оралып отыр. Бұл күнді көптен күткен жанкүйерлер матчтқа билетті санаулы сағатта сатып әкеткен. Көріп тұрғаныңыздай, стадион жанкүйерлерге лық толы. Сұхбаттасқан көрерменіміз де мұндай кездесуді көптен күткенін айтады.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Стадионнан орын таппай қалған жанкүйерлер үшін шаһардың орталық саябағында көрсетілім ұйымдастырылған. Ойынды осы жердегі үлкен экран арқылы тікелей эфирде бақылауға мүмкіндік бар. Нақты кездесу туралы баяндар болса ойынның алғашқы минуттарынан бастап қонақтар есеп ашуға тырысқаны рас. Дегенмен, Ақтөбе командасының ойыншылары да қарымта шабуылды үдете түсті.