Ақтауда оқушылар арасында шахматтан әлем чемпионаты басталды
Ақтауда мектеп оқушылары арасында шахматтан халықаралық командалық чемпионат басталды.
Ақтауда мектеп оқушылары арасында шахматтан халықаралық командалық чемпионат басталды. Оған әлемнің 53 мемлекетінен 400-ден аса өрен қатысады. Дүниежүзінде мұндай сайыс алғаш рет өтіп жатыр. Әуесқой спортшылар жас ерекшелігі бойынша сынға түседі. ТМД мемлекеттерінен бөлек Кайман аралдары мен Африка, Оңтүстік Америка, Еуропа және Азия елдерінен мектеп командалары жиналды. Ел намысын 6 қаладан 10 мектеп қорғайды. Соның ішінде Ақтаудан 2 білім ордасының оқушылары бар. Халықаралық және Қазақстан шахмат федерациялары бірігіп ұйымдастырған чемпионат 7 тамызда аяқталады.
Айсаак Олуборот, чемпионатқа қатысушы (Нигерия):
- Каспий жағасындағы қалаға жеткенше бірнеше рет ұшақ ауыстырып міндік. Шаһар шағын әрі әдемі. Жолда шаршағанымызға қарамастан, біз жарысқа қатысуға дайынбыз. Біз елімізде шахмат енді ғана дамып келе жатыр. Соған қарамастан жеңісті қолдан бермеуге тырысатын боламыз.
Аркадий Дворкович, халықаралық шахмат федерациясының президенті:
- Сайыс өте тартысты өтеді деп ойлаймын. Мектеп оқушылары болғанымен қатысушы командалар арасында тәжірибелі шахматшылар көп. Қазақстандық балаларға Түркия, Грузия, Қытай командалары мықты қарсылас болуы мүмкін. Не болмаса керісінше күтпеген жеңіспен аяқталуы да ықтимал. Барлығына сәттілік тілеймін.