Астанада дәстүрлі садақ атудан халықаралық турнир басталды
Сұрмергендер сайысы. Астанада дәстүрлі садақ атудан халықаралық турнир басталды.
«Намыс» деп аталатын байрақты бәсекеде бас-аяғы 80-нен аса спортшы бақ сынады. Оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Ресей өкілдері бар. бұған қоса, елордадағы жарысқа алғаш рет Индонезия мен Малайзиядан қатысушылар келді. Олар 3 күн бойы садақ атудың 3 түрі бойынша өзара мықтыны анықтады. мәселен, Пута нысанасын көздеуде әйелдер арасында да, екрлер арасында да малайзиялық спортшылар топ жарды. Қалқан нысанасын көздеуде ерлер арасында тағы бір малайзиялық Абдул Фатах Бин Закария жеңіске жетсе, әйелдер арасында қазақстандық Аяулым Аппазова ең үздік нәтижені тіркеді. Ал, жамбы нысанасын көздеуде тағы та қос малайзиялық спортшы ең үздік нәтижені тіркеді. жалпы есепте де Малайзия бірінші, Қазақстан екінші, ал, Қырғызстан үшінші орын алды. Айта кетейік, алдағы жылы Астана дүниежүзілік көшпенділер ойынын қабылдайды. Ал дәстүрлі садақ ату оның бағдарламасында міндетті түрде болады.
«Астана» «Лудогорецті» жеңді. Күні кеше футболдан қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күткен матчтардың бірі болады. Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» өз алаңында болгариялық «Лудогорецті» қабылдады. Кездесу ә дегеннен тартысты басталды және қонақтар бірінші болып есеп ашты. 37-ші минутта «Лудогорец» сапындағы Ноа Сонко-Сундберг мергендігімен көзге түсті. Араға 3 минут салып Жарко Томашевич таразы басын теңестірді.
Екінші кезең басында, яғни 53-минутта Александр Марочкин де мүмкіндігін сәтті пайдаланып, өз командасын алға шығарды.
«Астанада» көрсеткішті еселейтін тағы бірнеше мүмкіндік болды. Бірақ, ойын соңына дейін таблодағы нәтиже өзгермеді. Қорытынды есеп: 2:1. Енді қос тарап 18-ші тамызда Разград қаласында қарымта матч өткізеді. Жеңіске жеткен тарап Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне шығады. Айта кетейік, «Астана» осының алдында чемпиондар лигасының іріктеуіне қатысып, соңғы мачта хорватиялық «Динамодан» ұтылған болатын. «Лудогорец» командасының да тағдыры осындай. Яғни чемпиондар лиагсы екінші іріктеу кезеңінде словениялық «Олимпияға» жол берді.
Қоржынымызда 20 медаль. Жалпы есепте де 20-орындамыз. Қытайжың Чэнду қаласында бүкәлемдік универсиада мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күндері ұлттық құрама сапындағы Әділбек Мусин жүлдеге ілікті. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға шығып, соңғы сында қола жүлдегер атанды.Әділбек аталған аралықты 52,03 секундта бағындырды. Бұдан бөлек, қазақстандық спортшылар 2 алтын, 7 күміс және 10 қола жеңіп алған болатын. Атап айтқанда, спорттық гимнастика шебері Милад Карими өте сәтті өнер көрсетті. Әсіресе, бөренедегі жаттығуда қарсылас шақ келтірмеді. Бұған қоса, еркін жаттығуда күміс, тіркепен секіруде қола медаль еншіледі. Оның алдында таэквондошы Рита Бакишева да чемпион атанған болатын. 46 келіде ел намысын қорғаған ол финалда тайпейлік Хуань Инь Суаньнан басым түсті. Көркем гимнастика өкілдерінің нәтижесі де жақсы. Мәселен, қазақстандық Эльжана Таниева 2 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Доппен жаттығу додасында күміске қол созса,тағы бір жекелей сында үздік үштікті түйіндеді. Дзюдошыларымыз 1 күміс пен 3 қола жеңіп алды. Сұрмергендер 2 күміс пен 1 қола еншіледі. Келесі универсиада енді 2025 жылы болады. Байрақты бәсекені Гермнаияның Рейн-Рур қаласы қабылдайды.