«Тобыл» Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты

«Тобыл» Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты

Тобыл Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Жерлестеріміз Ирландияда өткен Дерри Ситиге қарсы ойында ерледі. Негізгі ойында алаң иелеріне бір ұпай есе жібергенімен қосымша уақыттағы пенальтиде жолы болды. Милич Чурчичтің командасы 6:5 есебімен жеңді. Қазақстандық қақпашы Иван Коновалов екі допты қақпаға дарытпады. Сонымен үшінші іріктеу раунды Тобыл үшін сәтті өтті. Плей-офф кезеңінде Тобыл чехиялық «Виктория Пльзень» командасымен ойнайды. Мачтар тамыздың 24-і мен 31-нде өтеді. Айта кетейік, Еурокубокте өнер көрсеткен Ақтөбе командасы өз алаңында румындық Сепсиден 1:0 есебімен ұтылды. Астана футболшылары да Болгарияның командасына есе жіберіп алды. Олар Лудогорц тобынан 5:1 есебімен жеңілді.