Бүгін футболдан еурокубоктардың іріктеу кезеңі жалғасын табады

Бүгін футболдан еурокубоктардың іріктеу кезеңі жалғасын табады

«Астана» мен «Тобыл» сырт алаңда, ал «Ақтөбе» өз алаңында ойнайды.

Бүгін футболдан еурокубоктардың іріктеу кезеңі жалғасын табады. Әсіресе қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп жүрген «Астана» мен «Лудогорец» кездеседі. Елордадағы алғашқы матч 2:1 есебімен аяқталған болатын. Енді Болгариядағы ойында Еуропа Лигасы іріктеуінің келесі кезеңінде өтетін команда анықталады. Бұған қоса, Конференциялар Лигасында да қос клубымыз ойнап жатыр. Бүгін «Ақтөбе» румыниялық «Сепси» командасымен кездеседі. Ал қостанайлық «Тобыл» Ирландияда жергілікті «Дерри Ситимен» жолығады. Қарымта матчтар Астана уақытымен, сәйкесінше, 22:00-де және 01:45-де басталады. Қазір жігіттер кездесу алдындағы жаттығуды пысықтап жатыр.