Айхановты еске алу турнир өтіп жатыр
Ел үздіктері Жетісуға жиналды.
Талдықорғанда еркін күрестен 23 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, даңқты балуан Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр.
«Жастар» спорт кешенінде төселген боз кілемде еліміздің барлық облысы мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан келген 300-ге жуық балуан бақ сынайды.
Әлем чемпионатының алдындағы іріктеу жарысы болғандықтан, бәсекелестік жоғары. Тіпті, бұған дейінгі халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғап, жеңімпаз атанып жүрген балуандарымызға да оңай болып жатқан жоқ. Солардың бірі – Алматы облысынан шыққан белгілі спортшы Адлан Асқаров. Ол бүгінгі жарыс барысында биылғы әлем чемпонатын ұтуға бар күш-жігерін салатынын айтты.
Адлан Асқаров, жарысқа қатысушы:
- Қарсыластарым да жақсы. Бәрі дайындалып келді. Енді бәрінің де мен сияқты әлем чемпионатына барғысы келеді. Мен ары қарай тағы күресемін. Сол үшін көп сөйлемеймін. Бірақ бәріне сәттілік тілеймін.
Қанат Шоңырақов, Еркін күрестен Жетісу облысы құрамасының бас бапкері:
- Осы Әбілсейіт ағамыздың жарысы 23 жасқа дейінгі ерлер арасында әлем чемпионатына іріктеу жарысы болады. Осыған қазір кім бірінші орын алады осы жарыстан балуандар, сол Қазақстан құрама командасының құрамына кіріп, ел намысын қорғайды әлем чемпионатында.