Қазақстан-Финляндия матчына дайындық
Қарсыласымыз мықты. Бірақ, біз есе жібермеуіміз керек.
Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев кезекті кездесудің алдында осындай пікір білдірді. Қазақстандық жігіттер бірер күнннен кейін Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Финляндия аяқдопшыларымен жолығады. Қазір қос тарап матч алдындағы дайындықты пысқытап жатыр.
Ұлттық құрамада жарақатына байланысты Михаил Габышев пен Бауыржан Исламхан ойнай алмайды. Бұған қоса, Арман Кеңесовтің де жасыл алаңға шығу-шықпауы әзірге белгісіз. Қалған футболшылар бабынды.
Мәселен, күні кеше командаға түркиялық «Бешикташта» доп тебетін Бахтиер Зайнутдинов қосылды. Сонымен қатар, шетелдік клубтарда өнер көрсететін Рамазан Оразов, Марат Быстров және Нұралы Әліп те қатарға қосылды.
Қазақстан мен Финляндия 7 қыркүйек күні «Астана Аренада» жолығады. Іріктеу кезеңінің 4 турнынан кейін Н тобында қазір Финляндия бірінші, ал Қазақстан екінші орында тұр. Ұпай көрсеткіштері бірдей.
Магомед Адиев, Ұлттық құраманың бас бапкері:
- Қарсыластардың мықты және осал тұстарын саралап, нақты жоспар құрдық. Финляндия құрамасының қарымын білеміз. Бірақ, сонда да сауатты өнер көрсетіп, тегеурінді қарсылық танытуға тырысамыз. Менің ойымша, матч тағдырына тактикалық шешімдер тікелей әсер етеді.