Қазақстандық теннисші жеңіске жетті
Теннисші Анна Данилина «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Отандасымыз – микст сынында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық. Анна финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге америкалық Джессика Пегула мен Остин Крайчек жұбынан айласын асырды. Осылайша, «Үлкен дулыға» турнирінің чемпиондары қатарына үшінші қазақстандық спортшы қосылды. Бұған дейін Ярослава Шведова мен Елена Рыбакина сәтті өнер көрсеткен.
Анна Данилина, турнир жеңімпазы:
- Біріншіден, бүгін осы жерге келгендердің бәріне ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңызды айқын сезіндім. Джессика мен Остинға тамаша ойын сыйлағаны үшін рақмет айтамын. Әлі де талай мәрте жарыс алаңында кездесетінімізге сенімдімін.