Никита Чирюкин Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Никита Чирюкин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазақстандық спортшы 25 метрге тапанша ату сайысында көзге түсті. Жылдамдыққа жарыста отандасымыз 26 ұпай жинады. Алтын мен күміс медаль Қытай мергендеріне бұйырды.
Бұл – Қазақстан құрамасының құрлық жарысындағы үшінші жүлдесі. Жарыстың алғашқы күні дзюдошыларымыз бір күміс, бір қоланы еншілеген еді.