Азиада: Мергендер екі медаль еншіледі
Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны, кезекті медальдармен толықты.
Бұл жолы біздің мергендер, көзге түсті. 10 метрге жыл-жымалы нысана көздеуде Бақтияр Ибраев, Андрей Худяков, Асадбек Назиркулев күміс жүлдегер атанды. Аралас командалар арасында, пнев-матикалық мылтық атуда Ислам Сәтбаев пен Александра Ле үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, қазақстандық теннисші Денис Евсеев Ханчжоуда Азия ойындарының ширек финалына шықты. Ол қытайлық Тайбэй өкілі, Тун-Лин Вуды 6:2, 3:6, 4:6. есебімен жеңді. Евсеевтің келесі қарсыласы Үндістан мен Жапония ойыншылары арасындағы матчта анықталады.
Денис Евсеев, теннистен Қазақстан құрамасының ойыншысы:
- Мұнда ауа өте ылғалды. Сондықтан теннисте ширақ қозғалу қиынға соғып жатыр. Физикалық және психикалық тұрғыда кім мықты сол жеңеді. Әр матчқа бейімделу керек. Азия ойындарында біз ел үшін бар күш-жігерімізді салып ойнауымыз керек. Мен қолдан келгенше жеңуге тырысамын.