Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы кейінгі бес жылда алғаш рет жеңді

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы кейінгі бес жылда алғаш рет жеңді

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы кейінгі бес жылда алғаш рет жеңіске жетті.

Ұлттар лигасында біздің бұрымдылар Армениядан 2:1 есебімен басым түсті. Қазақстан қыздары С лигасының 4-тобында екі ойынан кейін 4 ұпай жинап бірінші орында келеді.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы кейінгі бес жылда алғаш рет жеңіске жетті. Ұлттар лигасында біздің бұрымдылар Армениядан 2:1 есебімен басым түсті. Қазақстан қыздары С лигасының 4-ші тобында екі ойынан кейін 4 ұпай жинап бірінші орында келеді.

ЕУРО-2024: Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі 

Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды. Магомед Адиев шәкірттері 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Дания мен Финляндияға қонаққа барады. Қазан айындағы екі ойында құрлық біріншілігіне жолдама тағдыры шешіліп қалуы мүмкін. Ұлттық құрама 6-шы қазанда Талғардағы базада оқу-жаттығы жиындарын бастайды. Кеңейтілген тізімде 34 футболшы бар. Арасында ресейден ауып келген легионер Александр Зуев та жүр. Қазір ол Сербия чемпионатында доп тебеді. "Қайрат" ойыншысы Әділет Садыбеков те шақырту алыпты. Қазақстан 14 қазанда Копенгаген қаласында Даниямен алаңға шығады. Үш күннен кейін Суоми еліне қонаққа барады. Алты турдан кейін Ұлттық құрама 12 ұпаймен төртінші орында келеді. Топ басында Словения мен Дания тұр.  

"Елімай" премьер-лигаға оралды

"Елімай" премьер-лигаға оралды. Тоқсаныншы жылдары қазақ футболының көшбасшысы саналған команда облысымен қоса тарап кеткен еді. Енді міне, қайта құрылып, алғашқы маусымында бірінші лигадан жоғарғы лигаға күнібұрын жолдама алды. "Елімай" 25-ші турда "Астана-аренада" "Жеңістің" осал тұсын тапты. 20-шы минутта Бека Кавтарадзе есеп ашты. Сосын Берік Айтбаев Семейліктерді алға жетеледі. Үзілістен кейін қонақтар нәтижені еселей түсті. Еркебұлан Нұрғалиев мергендік танытып, матчқа нүкте қойды. "Елімай" 35 ұпаймен бірінші лигада жеке-дара көш бастады. "Жеңіс" 50 ұпаймен үшінші орында қалды. Елордалықтар "Тұранмен" екінші орынға таласып келеді. 

"Барселона" "Мальоркамен" ұпай бөлісті

Испания чемпионатының қазіргі жеңімпазы "Барселона" кезекті турда ұпай жоғалтты. Хави шәкірттері "Мальоркаға" қонаққа барып, 2:2 есебімен тең түсті. 8-минутта шабуылшы Ведат Мурики алаң иелерін алға жетеледі. Тайм соңына қарай Рафинья қарымта гол соқты. Каталония командасының қуанышы ұзаққа созылмады. Үзіліске дейін Абдон Пратс белсеніп, "Барселонаны" сабасына түсірді. Өткен турда екі доп айырмасымен жеңіліп жатып, жеңісті жұлып алған Хави шәкіттері бұл жолы жалғыз ұпайға қанағат білдірді. 75-минутта Фермин Лопез таразы басын теңестірді. "Мальорка" тең нәтижені ойын соңына дейін сақтап қалды. "Барселона" 7 матчтан кейін 17 ұпаймен топ бастады. "Мальорка" 15-орында қалды.

Карло Анчелоттиді кім ауыстырады? 

"Барселонаны" өкшелеп келе жатқан "Реал" бүгін "Лас-Пальмас" командасын қабылдайды. Қазір Мадрид клубының жанкүйерлерін бас бапкер мәселесі алаңдатады. Маусым аяқталған соң Карло Анчелотти қызметінен кетеді. Ол Бразилия құрамасының бас бапкері болып тағайындалады. Италиялық жаттықтырушыны кім ауыстырады деген сауал күн тәртібінде тұр. Жерлікті ақпарат құралдарының жазуынша корольдік клуб Хаби Алонсоға құда түсіп отыр. "Реал" сапында доп тепкен маман қазір Леверкузеннің "Байерін" баптайды. Алонсо жақсы ойыншы ғана емес, білікті бапкер екенін де дәлелдеді. Команда тізгінін ұстағалы оның шәкірттері бундеслигада атой салып жүр.