ЕУРО-2024: Ұлттық құраманың тізімі шықты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қазан айындағы іріктеу ойындарына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

Магомед Адиевтың таңдаған 27 футболшының қатарында орыс елінен ауып келген Александр Зуаев та бар. Қазақстан азаматтығын алған спортшы қазір Сербия чемпионатында доп тебеді. Қарағанды "Шахтерінің" шабуылшысы Иван Свиридов та алғаш рет ұлттық құрамаға шақырту алды. Қазақстан қазан айында 2024 жылғы Еуропа біріншілігіне іріктеу турнирі аясында сырт алаңда екі ойын өткізеді. Біздің жігіттер 14 қазанда Даниямен кездеседі. Сосын 17-ші қазанда Финляндиямен сынға түседі. Осы екі матчта жолдама тағдыры шешіліп қалуы мүмкін. Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет 12 ұпай жинап, мықтылармен тайталасып келеді. Топ басындағы Дания мен Словенияда 13 ұпайдан бар.