Астанада Majilis Cup - 2023 турнирі басталды

Астанада шағын футболдан Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Парламент мәжілісінің депутаттары арасындағы турнир өтіп жатыр.

Ойыншылар қатарында аймақтардан келген командалар бар: Атырау, Алматы, Павлодар, Жетісу, Шымкент және де басқа қалалардан масс-медиа өкілдері қатысуда. Парламент Мәжілісінің кубогы үшін сайыс биыл екінші рет өткізіліп отыр. Мақсат - бұқаралық спортты дамыту, сала мамандары арасында әріптестік, жолдастық қарым-қатынастарды нығайту, деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты