Стенд атушылар елімізге екі қола медаль алып берді
Қоржынымызға 1 қазан күні тағы екі қола түсті.
Қытайдың Ханчжоу қаласында жылдың басты бәсекесі Азия ойындары өтіп жатыр. Бүгін стенд атудың трап бағытындағы бәсекелері болды және жерлестеріміз кезекті рет жеңіс тұғырына көтерілді.
Аслан Қаженов, тілші:
- Бүгін стенд атудың трап бәсекелері болды және қазақстандық Мария Дмитриенко жекелей сында үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, алдыңғы Азия ойындардында да Мария қола еншілеген болатын. Осы жолы жетістігін қайталады.
Мария Дмитриенко, Азия ойындарының қола жүлдегері:
- Азия ойындарына құрлықтық ең мықты спрортшылары келеді. Сондықтан бәсекелестік өте жоғары болды. Қарсыластарымды жақсы танимын. Алдағы әлемдік аламандарда есе қайтарам деп ойлаймын.
Артынша қазақ қыздары командалық сында да қола жүлдегер атанды. Бұл бәскекеде ел намысын Мария Дмитриенко, Анастасия Препилина және Айжан Досмағамбетова қорғаған болатын.
Айжан Досмағамбетова, Азия ойындарының қола жүлдегері:
-Еске сала кетейік, осының алдында стенд ату шеберлері скит бағытында 2 алтын мен 1 қола жеңіп алған болатын.