Ескек есуден қос күміс пен қос қола жеңіп алдық
Бүгін сондай-ақ, байдаркада ескек есуден жерлестеріміз үздіктер қатарынан табылды.
Атап айтқанда, әйелдер арасындағы 500 метрлік бәсекеде Мария Бровкова мен Руфина Искакова күміс жүлдегер атанды. Артынша Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова да осы жетістікті қайталады. Ерлер арасында Тимофей Емельянов пен Кирилл Тубаев қола жүлдеге қол созды. Олар 1000 метрлік бәсекенің екі түрлі жекелей бағытынды сынға түскен болатын. Жарыс күні енді басталды. Сәйкесінше, қоржындағы медальдар саны еселеп артуы мүмкін. Ханджоу қаласында Азия ойындары 9-шы қазанға дейін жалғасады.